СЕЛЦИНК ПЛЮС
үлбірлі қабықпен қапталған 30 таблетка
үлбірлі қабықпен қапталған 60 таблетка
Қолдану саласы:бета-каротиннің көзі, С (аскорбин қышқылының) дәруменінің, Е (DL-альфа-токоферол ацетаты) дәруменінің, мырыштың, селеннің қосымша көзі ретінде тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады. Құрамы: микрокристалды целлюлоза тасымалдаушысы (Е460i), С дәрумені (аскорбин қышқылы), Е дәрумені (DL-альфа-токоферол ацетаты), бета-каротин, цинк-лактат дигидраты, Nutrafinish 168U165002 BROWN жабыны (тасымалдаушылар: гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464), полидекстроза (E1200), кальций карбонаты (E170), тальк (E553b) – тығыздалуға қарсы агент, орташа тізбекті триглицеридтер, темір оксидтері (Е172): сары, қызыл, қара – тағамдық бояғыштар), стеарин қышқылының магний тұзы – тығыздалуға қарсы агент (Е470), сусыз натрий селениті.Биологиялық белсенді заттардың құрамы:Биологиялық белсенді зат | Ұсынылған тәуліктік дозадағы зат мөлшері (1 таблеткада) | Ұсынылған тәуліктік қабылдаудың %-ы* / Тұтынудың барабар деңгейінің %** |
С дәрумені (аскорбин қышқылы) | 200,0 мг | 333 %*, РЖД-ден аспайды |
Цинк | 8,0 мг | 53 %* |
Селен | 50,0 мкг | 71 %* |
Е дәрумені (DL-альфа-токоферил ацетаты) | 23,5 мг ТЭ | 235 %*, РЖД-ден аспайды |
Бета-каротин | 8,64 мг | 173 %**, РЖД-ден аспайды |
* – Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» ТР ТС 022/2011 сәйкес.** – ЕурАзЭҚ Кеден одағының (ЕАЭО) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға» сәйкес (Кеден одағы комиссиясының 07.04.2011, № 622 шешімімен енгізілген)РЖД – ЕурАзЭҚ Кеден одағының (ЕАЭО) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға» сәйкес тұтынудың рұқсат етілген жоғарғы деңгейі (Кеден одағы комиссиясының 07.04.2011, № 622 шешімімен енгізілген).1 таблетканың энергетикалық құндылығы (калориялығы): 0,59 ккал / 2,47 кДж.*көрсетілген мәндер пайдаланылатын шикізаттың қасиеттеріне байланысты өзгеруі мүмкінҚолдану бойынша ұсыныстар: ересектерге күніне 1 таблеткадан 1 рет тамақтану кезінде. Қабылдау ұзақтығы: 1 ай.Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады.Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.Шығарылу түрі: үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, салмағы 672 мг.Ұяшықты контурлы қаптамада 10 таблеткадан бар. Картон қорапта 3 немесе 6 ұяшықты контурлы қаптамадан, қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге.Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзбеушілік, жүктілік, бала емізу.Дәрілік зат болып табылмайды. «лактозасыз СЕЛЦИНК ПЛЮС®» ББҚ Сақтау шарттары: балалардың қолы жетпейтін жерде, түпнұсқалық қаптамада, 25 °C аспайтын температурада және 60 %-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта.Сату шарттары: сату орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен айқындалады.Жарамдылық мерзімі: 36 ай.No Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және берілген күні№ RU.77.99.11.003.R.001371.05.20 29.05.2020 ж. Селцинк Плюс№ АМ.01.48.01.003.R.000209.08.24 13.08.2024 ж. Селцинк Плюс лактозасызӨндіруші ұйым:Биомедика, спол. с р.о.Заңды мекенжайы: Пекаржска 601/8, 155 00 Прага 5-Йинонице, Чех Республикасы.Өндірістің мекенжайы: Хоржатев технологиялық паркі, 104, 289 12 Хоржатев, Чех Республикасы, «ПРО.МЕД.ЦС Прага а.қ.» тапсырысы бойынша, Чех Республикасы.Тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:«ПРОМ.МЕДИК.КАЗ.» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050070, Алматы қ., Наурызбай ауданы, Рахат шағын ауданы, көш. Асанбай Асқаров, үй 21/1, т.е.б. 1а.Тел.: 8 (727) 260-89-36; электрондық поштасы: sekretar@prommedic.kz, веб-сайт: https://kz.promedcs.com/kk Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.Компания-ұстаушының тіркеу куәлігі логотипі.Пиктограммалар: "Азық-түлік өнімдері үшін", қолданылған қаптаманы (тығындау құралдарын) қайта өңдеу мүмкіндігі – Мёбиус ілмегі.