ГИГИЕНА
Гигиеналық шаралар инфекциялық аурулардың таралу қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және жетекші дәрігерлер аурулардың алдын алу үшін келесі негізгі гигиеналық ережелерді сақтауды ұсынады.

Қолды сабынмен жиі жуу – инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Қолды:
  • Тамақтанар алдында және тамақ дайындамас бұрын
  • Дәретхананы пайдаланғаннан кейін
  • Жануарлармен байланыстан кейін
  • Қоғамдық орындардан үйге оралған соң жуу қажет.
Қолды жылы сумен және сабынмен кемінде 20 секунд мұқият жуу керек, әсіресе саусақтардың арасын және тырнақ астын тазалауға назар аудару маңызды.

Респираторлық гигиенаны сақтау маңызды.
Жөтелгенде немесе түшкіргенде, ауыз бен мұрынды шынтақтың ішкі бөлігімен немесе бір реттік майлықпен жабу қажет. Қолданылған майлықты бірден қоқысқа тастау керек.

Ауыз қуысы гигиенасы. Күніне екі рет тіс пен тілді 2-3 минут бойы тазалау ауыз қуысының саулығын сақтауға көмектеседі.

Ішкиім мен төсек жабдықтарын тұрақты түрде ауыстырып, бактериялар мен шаң кенелерінің көбеюінің алдын алу қажет.

Қоғамдық орындарда, әсіресе жабық әрі нашар желдетілетін жерлерде, 1 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска тағу ұсынылады.

Жиі қолданылатын заттардың беттерін (мысалы, есік тұтқалары, су краны, телефон дисплейлері) жүйелі түрде дезинфекциялап отыру керек.

Осы қарапайым, бірақ тиімді гигиеналық шараларды сақтау түрлі инфекциялық аурулардың таралу қаупін едәуір төмендетіп, жалпы денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Иммунноқолдау
Ұйқы барысында ағзамыз қалпына келеді
Ағзаның қорғаныш күшін күшейтетін маңызды факторлардың бірі - дәрумендер
Тамақтану мығым иммундық жүйені ұстап тұруда маңызды рөл ойнайды
Шынығу ағзаның қуатын арттырудағы тиімді тәсіл болып табылады