Суық маусымда ағза вирустарға әлдеқайда осал болады, сондықтан келесі аспектілерге назар аудару маңызды:
Дұрыс тамақтану. Рационға А, C, D дәрумендеріне, сондай-ақ мырыш пен селенге бай өнімдерді қосу қажет. Бұл заттар иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.
- С дәрумені – цитрусты жемістерде, кивиде, болгар бұрышында көп.
- А дәрумені – сәбізде, асқабақта, шпинатта кездеседі.
- D дәрумені – майлы балық, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар.
- Е дәрумені мен мырыш – жаңғақтар мен дәнді дақылдардан алуға болады.
- Сарымсақ, пияз, имбирь – микробтарға қарсы табиғи өнімдер.
- Қышқыл сүт өнімдері – ішек микрофлорасын сақтауға көмектеседі.
- Итмұрын қайнатпасы – дәрумендердің бай көзі.
Толыққанды ұйқы. Ұйқының жеткіліксіздігі иммунитетке кері әсер етеді. Күніне кемінде 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз.
Тұрақты физикалық белсенділік. Аптасына 150 минуттан кем емес дене белсенділігіне көңіл бөліңіз. Күнделікті таза ауада серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Ұйқы режимін сақтап, күніне 7-9 сағат демалуға тырысыңыз.
Стресті басқару. Медитация, йога немесе сүйікті хоббиіңізді дамыту стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл шаралар сіздің ағзаңыздың қорғаныс күштерін нығайтып, суық тию мен вирустық инфекциялардың алдын алуға дем береді.