Иммунитетті нығайтып, ағзаны көктем-жаз маусымына дайындау үшін келесі шараларды іске асырыңыз.
Дұрыс тамақтану: Витаминдер мен минералдарға бай өнімдерді рационға қосыңыз. Оларға цитрустар, киви, болгар бұрышы, сәбіз, асқабақ, шпинат, жұмыртқа, балық, бұршақ тұқымдастар және жаңғақтар жатады. Әсіресе С, А, D дәрумендері мен мырышқа бай өнімдер маңызды.
Физикалық белсенділік: Тұрақты жаттығулар иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Аптасына кемінде 150 минут дене белсенділігіне уақыт бөліңіз.
Таза ауа: Сыртта көбірек уақыт өткізіңіз. Бұл ағзаға қажетті D дәруменін алуға және жалпы әл-ауқатты жақсартуға ықпал етеді.
Терең ұйқы: Күн тәртібін сақтап, тәулігіне 7-9 сағат ұйықтауға тырысыңыз.
Стресті басқару: Релаксация әдістерін қолданыңыз, медитациямен айналысыңыз немесе сүйікті хоббиіңізге көңіл бөліңіз.
Витаминдік қолдау: Витаминдер мен минералдардың жетіспеушілігін толықтыру үшін арнайы кешендерді қолдануға болады. Солардың бірі – Селцинк Плюс антиоксиданттық кешені. Оның құрамында селен, мырыш, С және Е дәрумендері, сондай-ақ бета-каротин бар. Бұл компоненттер иммунитетті нығайтуға және жасушаларды тотығу стрессінен қорғауға маңызды рөл атқарады.