Иммундық жүйе ағзаны әртүрлі инфекциялар мен аурулардан қорғауда шешуші рөл атқарады. Алайда кейбір кең таралған зиянды әдеттер иммунитеттің жұмысын айтарлықтай әлсіретіп, ағзаны ауруларға осал етеді.
Темекі шегу - иммундық жүйеге ең қауіпті әдеттердің бірі. Темекі түтіні 4000-нан астам химиялық қосылысты қамтиды, олардың көпшілігі улы және канцерогенді. Темекі шегу иммундық жасушаларды зақымдап, олардың қызметін тежейді, нәтижесінде ағзаның инфекцияларға қарсы күресу қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, темекі шегетін адамдарда иммундық жауаптың негізгі бөлігі саналатын лимфоциттердің саны мен белсенділігі азаяды. Бұған қоса, темекі шегу ағзаның микробиом тепе-теңдігін бұзып, иммунитетті одан әрі әлсіретеді.
Алкогольді тұтыну – иммундық жүйеге теріс әсер ететін тағы бір зиянды әдет. Алкоголь иммундық жасушалардың белсенділігін төмендетіп, оларды инфекцияларға қарсы күресте әлсіз етеді. Сонымен қатар, алкоголь ағзадағы қабыну деңгейін арттырып, қорғаныс қызметін одан әрі әлсіретеді.
Зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және толыққанды ұйқы иммунитетті нығайтып, ағзаның ауруларға төзімділігін арттырады.
Денсаулықты сақтаудың негізі болып табылатын салауатты өмір салты зиянды әдеттермен үйлеспейтінін ескеріңіз.